Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының бас полицейі еріктілерді мерекесімен құттықтады

Атырау облысының бас полицейі еріктілерді мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еріктілер – полиция үшін ерекше маңызды адамдар. Олар есірткі қылмысының алдын алуға, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор көмегін көрсетіп, полициямен бірлескен іздестіру және рейдтік шараларға да бейжай қарамай қол ұшын береді.

Мәселен жыл басынан бері жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына 5 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Әсіресе, бала жоғалу деректері кезінде “Батыс” волонтерлық тобы тұрғындарға жедел фотосуреттер мен ақпарат таратып 40-тан астам жасөспірімнің аман-сау табылуына ықпал еткен.

Мереке қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев тәртіп сақшыларына белсенді көмек көрсетіп, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып жүрген 11 еріктіні құттықтап, қайырымды, әрі қоғамға пайдалы істері үшін алғысын жеткізді.

 – Еріктілік – ашықтық пен жылулық көрінісі. Сіздердің биік азаматтық ұстанымдарыңыз біз үшін, қоғам өмірі үшін аса маңызды. Осы ретте, орасан зор пайдалы жұмыстарыңыз үшін, әріптестіктеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге толағай табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру