Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері 5 күн бұрын жоғалған азаматты БҚО-дан тапты

Атырау облысының полицейлері 5 күн бұрын жоғалған азаматты БҚО-дан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан сағат 12:10 шамасында Исатай аудандық полиция бөлімінің “102” арнасына 101 абонеттік номерінің операторы 1976 жылы туған тұрғынның 3 күн бұрын Айбас елді мекенінде мотоциклмен мал іздеуге шығып, қайтып оралмағаны жөнінде хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Исатай аудандық полиция бөлімі жедел тергеу тобының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізген.

Жақын туыстарынан түсінік алу барысында 47 жастағы азаматтың мүлдем ішімдік ішпейтінін, денсаулық жағдайының жақсы, ешқандай есепте тұрмағанын, сондай-ақ бұрын хабар ошарсыз кету дерегі болмағанын анықталды.

Хабар ошарсыз кеткен азаматтың көк түсті Ұлар250кб мотоциклінің жанар жағармайы таусылып, оқиға орын алған жерден шамамен 30-40 шақырым қашықтықта Атырау қаласына қарай бағытта табылған. Исатай аудандық полиция бөлімі жедел-тергеу тобының екі күнге созылған іздестіру шаралары нәтижесінде 30 қазан күні кинолог мамандар жоғалған азаматты Исатай ауданынан 270 шақырым жерде орналасқан Батыс Қазақстан облысы Жаңқала елді мекенінен аман-сау тапты.

Қазіргі таңда 47 жастағы азаматты Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Бимұханов және Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері арнайы тікұшақпен Исатай ауданына жеткізген. Іс-түссіз жоғалған азаматтың айтуынша, үйге қайтар бағыттан жаңылып, адасып кеткен. Осылайша бір жолдың ізімен жүре беріп, Исатай ауданынан ұзап кеткенін жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру