Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының тұрғыны көмек қолын созған қызылордалық полицейлерге алғыс айтты

Атырау облысының тұрғыны көмек қолын созған қызылордалық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп қана қоймай, қиын сәттерде азаматтарға қолдан келгенше көмектесіп келеді. Тиісінше риза болған халық өз алғыстарын айтуда.

Мәселен, жуырда Атырау қаласының тұрғыны Сыр елінің сақшыларына әлеуметтік желі арқылы алғысын айтты. Алматы қаласынан шығып, Атырауға бағыт алған азаматтың көлігі Қызылорда облысы Арал ауданының тұсында бұзылып қалған.

Көлік жүргізушісі тас жолда біраз тұрып қалған көрінеді. Белгіленген аймақтарында қызмет атқарып жүрген Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік рота қызметкерлері  Нұрәділ Акимов және  Хайрулла Исмайлов бұзылып тұрған көліктің жанына тоқтап, дереу қажетті көмек берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру