Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері біреудің ауласына заңсыз кіріп, ұрлық жасағандарды анықтады

Атырау полицейлері біреудің ауласына заңсыз кіріп, ұрлық жасағандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 26-28 шілде аралығында пәтер ұрлығының алдын алу және оны ашуға бағытталған “Пәтер” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Тәртіп сақшылары шараның бірінші күнінде ұрлық фактісіне қатысты қылмыс жасаған екі адамды анықтады. Олардың бірі біреудің ауласына заңсыз кіріп, сарайынан ыдыстарын ұрлап кетсе, екіншісі велосипед жымқырған. Қазіргі уақытта жеті дана алюминий ыдыс ұрлаған күдікті 27 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Іс-шара барысында ауласындағы біреудің қызыл-көк түсті велосипедін қолды қылған 41 жастағы ер адам да дереу анықталып, ұсталды.Қазіргі таңда екі күдіктінің әрқайсысына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде.

– “Пәтер” жедел іс-шарасы кезінде жеке күзет құрылымдарымен бірлесе отырып, пәтерлерді және үйлерді күзетке беру туралы халықпен үгіттеу-түсіндіру жұмысын жүргізу қамтамасыз етеді. Сонымен қатар “Қауіпсіз аула” жобасының шеңберінде көп қабатты үйлердің кіреберістерінде бейнебақылау камераларын орнату бойынша ПИК-пен жұмыс ұйымдастырылып, атқарылатын болады, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбеткалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру