Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қордай тұрғыны полицейлерге мәселесін жедел шешкені үшін алғыс білдірді

Қордай тұрғыны полицейлерге мәселесін жедел шешкені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 27 шілдеде сағат 22:20-да Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Қордай ауданы Аухатты ауылының тұрғынынан өтініш келіп түсті.

Өз хатында ол өзінің Audi маркалы автокөлігіне Таразда жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұл қате келгенін атап өтті. Баспасөз қызметінің қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлеріне үндеу жолдап, мәселе келесі күні жедел шешілді.

Ер адам полиция қызметкерлеріне өз міндеттерін адал атқарғаны, жедел жұмысы және жауаптылығы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру