Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері психологпен кездесті

Атыраулық полицейлер “Ішкі істер органдары бөліністеріндегі моральдық – психологиялық ахуалды жақсарту” тақырыбындағы іс-шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының полиция қызметкерлері “РУХ” тұлғалық және психологиялық даму орталығының директоры Резеда Баймұхаметовамен кездесті.

– Шара мақсаты – ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту, әріптестер арасындағы сыйластықты арттыру және бір-біріне деген сенімге дағдыландыру, – деді Департамент бастығының орынбасары Әділхан Байдосов.

Моральдық – психологиялық ахуал жедел-қызметтік міндеттерді сапалы шешудегі басты факторлардың бірі.

Резеда Сәлімжанқызының мазмұнды, әсерлі дәрісі көпшіліктің көңілінен шықты. Кездесуге қатысушылар тыңдаған дәрісті нақтылау үшін, қызмет бабында кездесетін  жеке тұлғаның да, жалпы ұжымның да жағымды моральдық-психологиялық көңіл-күйіне әсер ететін факторлар туралы сауалдарына жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру