Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлдары бар шетелдік көліктер анықталды

Атырауда бір күнде 2 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұлдары бар шетелдік көліктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан мен 5 қараша аралығында “Шетел автокөліктері” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында 2 қараша күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Сергек” автокөліктерді іздеу жүйесі арқылы төленбеген 1 млн. 850 мың теңгені құрайтын айыппұлдары бар 7 автокөлікті анықтады. Олардың біреуі Армениядан, тағы біреуі Қырғызстаннан, ал бесеуі Ресей елінен әкелінген автокөліктер.

Аталған көліктердің ішінде екеуі 377 мың теңгені құрайтын айыппұлдарын сол жерден төлеген. Қалған бес автокөлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру