Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері  жоғалған 46 бас жылқыны иесіне қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері  жоғалған 46 бас жылқыны иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 2-сі “Учаске” және “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясындағы рейд барысында Мамлют ауданы Ленинский ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы иесіз жүрген 46 бас жылқыны анықтайды. Табылған жылқылар туралы хабар беріп, жануарларды қаңғыбас малдарға арналған арнайы тұраққа қамайды да, иесін анықтауға кіріседі. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі жағдаймен жақсы таныс инспектор жылқылардың алыстан келгенін түсінеді. Иесінің аты-жөнін анықтауға таңбасы көмектеседі. Аудандық ветеринария қызметімен таңбалары бойынша анықталған жылқылардың иесі басқа ауылдық округте тұратын болып шықты. Бірнеше күн бұрын бақташының қараусыз қалдыруынан 46 бас жылқы бөлініп, 30 шақырым қашықтықтай ұзап кеткен. Иесі өзі іздеген, алайда басқа бағытта жүрген. Қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды. Жануарларды еркін жайылымға қоя берген бақташыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

– Еркін жайылыммен күрес учаскелік полиция инспекторларының күнделікті жұмыстарының бірі, – деп хабарлайды аудандық ПБ бастығы Пётр Климов. – Қаңғыбас мал ұрылардың олжасына айналуы, жол-көлік оқиғасына себепші болуы әбден мүмкін. Жыл басынан Мамлют ауданының аумағында еркін жайылым үшін 296 хаттама толтырылды.

Облыста 10 айдың ішінде осындай 2350 хаттама толтырылды, иелерін анықтағанға дейін 7,5 мыңнан астам жануар арнайы тұраққа қамалды. Полицейлер осындай фактілерді анықтау бойынша, сондай-ақ еркін жайылымның профилактикасы жұмыстарын тоқтатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру