Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 20-ға жуық велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

29 жастағы күдікті үй аулаларында, подъезд ішінде тұрған тұрғындардың 19 велосипедін қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның қылмыстық әрекетін Атырау қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әшкерелеген.

Мәселен, 25 шілде күні сағат 23:30 шамасында күдікті Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінен велосипедті жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұры 3 тамыз күні Вокзал маңы ықшам ауданында ұсталды.

Аталған дерек бойынша Атырау қаласы Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру