Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 3 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды 

Атырауда 3000-нан астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы өткізілуде, оның аясында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Аталмыш акцияның мақсаты - жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ көлік жылдамдығын асыру, басып озу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Іс-шаралар Атырау облысының аудан орталықтарында да өткізілді.

- Акция өткізілген жеті күн ішінде облыста 3404 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды - деді Атырау облысы полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Атап айтқанда:

- жылдамдықты арттыру - 651,

– қауіпсіздік белдігін тақпаған - 578,

-  көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған - 204,

-  техникалық байқаудан өтпеген - 241,

- Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару - 56,

- Маневр жасау қағидаларын бұзу - 137,

-Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы - 395,

- Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу - 18 көлік анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар көлік рөліндегі 32 мас жүргізуші ұсталды.

Арнайы тұраққа 57 автокөлік қойылды. Сондай-ақ 6 741 252 теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.

Айта кету керек, мұндай рейдтік іс-шаралар жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру