Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 3 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды 

Атырауда 3000-нан астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық акциясы өткізілуде, оның аясында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Аталмыш акцияның мақсаты – жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ көлік жылдамдығын асыру, басып озу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Іс-шаралар Атырау облысының аудан орталықтарында да өткізілді.

– Акция өткізілген жеті күн ішінде облыста 3404 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Атап айтқанда:

– жылдамдықты арттыру – 651,

– қауіпсіздік белдігін тақпаған – 578,

–  көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған – 204,

–  техникалық байқаудан өтпеген – 241,

– Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару – 56,

– Маневр жасау қағидаларын бұзу – 137,

-Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 395,

– Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу – 18 көлік анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар көлік рөліндегі 32 мас жүргізуші ұсталды.

Арнайы тұраққа 57 автокөлік қойылды. Сондай-ақ 6 741 252 теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.

Айта кету керек, мұндай рейдтік іс-шаралар жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру