Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды

Қазығұртта көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды. Қазығұрт АПБ қызметкерлері рейд барысында ГАЗ-ЗИЛ маркалы автокөлігінің құжаттарын тексерген. Сол сәтте жүргізуші көлікке тиесілі емес нөмір таққандығы белгілі болды. Ол бұрынғы ГАЗ 3110 автокөлігінің өткізбеген мемлекеттік белгісін пайдаланып жүргендігін мойындады.

Аталған жайтқа байланысты жүргізушіге хаттама толтырылып, көлігі ақылы автотұраққа қойылды.

Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол қауіпсіздік ережелері жазылған ескертпе қағаздарын таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру