Атырауда 70-ке жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар ұсталды
Атырауда 70-ке жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 21 желтоқсан күні шамамен 12:50-де 30 жастағы ер адамның көлігінен пакетке салынған 23 дана бекіре тұқымдас балықтары табылды.
– Қылмыстық іс-әрекетті Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері «Бекіре-2021» жедел-профилактикалық іс-шара бойынша Ақтөбе-Астрахань тас жолы бойында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған. Сондай-ақ, аталған 23 дана бекіре тұқымдас балықтарды «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауытына тапсырған кезде жалпы салмағы 67 келі 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды. Қазіргі уақытта көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен аталған қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Айта кетейік, полицейлермен тәркіленген заңсыз ауланған балықтар бекіре зауытына тапсырылады. Одан соң сот үкіміне сәйкес мемлекет пайдасына сатылады.