Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “виски ұрлаушы” қылмыс үстінде ұсталды

Атырауда “виски ұрлаушы” қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қараша күні сағат 21:00 шамасында Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан супермаркеттердің бірінің ішінен 33 жастағы қала тұрғыны бір дана виски ішімдігін жасырын түрде ұрлап кеткен.

Тексеріс барысында аталған азаматтың осы уақытқа дейін де әртүрлі супермаркеттерден 11 виски ішімдігін ұрлағандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру