Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіні жасырын тығу әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент өтті

Атырауда есірткіні жасырын тығу әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысының алдын алу бағытында Атырауда тұрғындар көп шоғырланатын орындарда полицейлер мен БАҚ өкілдері қарапайым ас содасын арнайы Zip пакеттерге салып, оны қала көшелерінде жасырын тығып кездейсоқ кезіккен тұрғындардың әрекетін бақылап әлеуметтік эксперимент өткізген болатын. Көпшілік тұрғындар жақындап келіп мән-жәйді білуге тырыспады. Дегенмен, «102»-ге хабарласып, жақын маңдағы полицейлерге хабар берді.

– Аталған эксперименттің басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру және осындай қылмыстық оқиғаларға куә болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескерту. Эксперимент барысында қала тұрғынының есірткіні жасырын тығып, оны жарнамалақшы болған сәтін қала тұрғындары байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтауға атсалысып жатты, – деді Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Атырау облысында жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 45 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар – 25, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс бойынша 2 дерек анықталған. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан жалпы салмағы 5 келі 486,29 грамм есірткі заттары тәркіленген. Полицейлер есірткі айналымының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру