Абай облысында айыппұлын уақытылы төлемеген 169 жүргізушінің көліктері арнайы тұраққа қойылды
Абай облысының аумағында 7 маусымнан бастап «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр.
Рейдтер барысында полицейлер арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті дерекқорлар бойынша «Қорғау – Сергек» бағдарламасын пайдалана отырып, жүргізушілерді тексеруді жүзеге асырылып жатыр.
Тұтқындау шешімі шығарылған көлік құралы анықталған жағдайда борышкердің көлігі арнайы тұраққа қамалады.
Бұл іс-шара жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында өткізіледі.
Мәселен, ЖПІШ басталғаннан бері 2799 әкімшілік іс бойынша 24,8 миллион теңге өндірілді. Мамандандырылған тұраққа айыппұл төлемегені үшін 169 көлік құралы қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде төленген жағдайда, 50%-ын ғана төлеуге мүмкін жасалған.
Полиция департаменті айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде айыппұл төленбеген жағдайда мәжбүрлеп орындауға жіберілетінін ескертеді.
«Борышкер» ЖПІШ 30 маусымға дейін жалғасады.