Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлігімен электр бағанына соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды

Атырауда көлігімен электр бағанына соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпан күні сағат 11:10 шамасында “102” операторына 77 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, түнде белгісіз автокөліктің көше бойында тұрған электр бағанына соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 14 ақпан күні таңғы сағат 05:20 шамасында электр бағанына соғып, оқиға орнынан кетіп қалған автокөлікті анықтады. “Ваз 2114” маркалы автокөліктің тізгінінде 23 жастағы азаматша отырған.

Аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында электр бағандарына соғудың 10 фактісі тіркелген, оның төртеуінде жүргізушілер полицияға хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру