Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер синтетикалық есірткілерді дайындауда және өткізуде күдікті отбасыны ұстады

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді сатып келген отбасыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде есірткілік заттар Петропавл қ. контакт жасау жолымен сатылғаны анықталды, психобелсенді заттарды жасайтын үй-жай қаладан 120 км жерде Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан екен. Есірткі зертханасында синтетикалық “тұзды” жасауға қажетті жағдай жасалған, желдетілетін бөлме жабдықталған, колба, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныс костюмдері мен респираторлар болған. Бұл криминалдық бизнеспен бірге тұратын ер адам мен әйел, сондай-ақ олардың жақын туыстары айналысқан.

Ұстау және тінту кезінде полицейлер дозаларға бөлініп салынған және сатуға дайындалған салмағы шамамен 55 грамм синтетикалық есірткіні анықтап тәркіледі.

Қаптауға арналған материал, ұялы телефондар, дәріханалық таразы, жазбалары бар дәптер және тағы басқа заттар тәркіленді. Сондай-ақ салмағы шамамен 700 грамм синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ тәріздес зат алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, аталған топты әшкерелеу өткен жылдың қазан айынан басталған, полицейлер ауқымды жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша енгізілді. Екі ер адам мен екі әйел ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 17 кг астам есірткілік зат тәркіледі. 31 есірткі бұзушылығы анықталды. Жыл басынан заңсыз есірткі айналымы үшін 42 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру