Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері 30-дан астам қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияның жеке құрамы “Әлем жақсылықпен әсем” атты кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, №9 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық ойындар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2020 жыл біз үшін барлық салада, соның ішінде спортта да ауыр жыл болды. Мен ұстазбын және менің оқушыларымның қалауы мен үшін маңызды. Ата-аналары ақылы спорт залдарына баруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар балалар бар және бұл туралы тек армандайтын балалар да бар, міне сол себепті мен әкімшіліктің рұқсатымен сабақтан тыс уақытта спортпен айналысатын шағын топты жинадым. Жарыстар ұйымдастырылмаса, спорт енді спорт емес, сондықтан мен мекеме қызметкерлерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдадым, олар туралы әлеуметтік желілерден білген едім, олар 2020 жылдан бастап қарттарға, жетімдерге, дәрігерлерге, ардагерлерге, мүгедектерге көмек көрсетіп келеді. Жауап көп тостырмады, келесі аптада мен турнир ұйымдастырдым, онда мекеме қызметкерлері тек демеуші ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері болды. Мен оларға өте ризамын, балалардың ойынға қатысқанына, жеңістеріне және сыйлықтарына қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ринат.

– 2020 жылдың басынан бастап халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларына қатысу туралы ұсынысты жеке құрам бір ауыздан қолдады. Содан бері 30-дан астам акция ұйымдастырылды, бұл акциядан тіпті мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да шет қалмады. Біздің балаларымыздың денсаулығы – ұлт денсаулығы, ал спорт – денсаулық кепілі. Балаларды қуанта алғанымызға ризамыз, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру