Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мектептен кейін үйге оралмаған 9 жастағы қыз табылды

Атырау тұрғыны мектептен кейін үйге оралмаған қызын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан күні сағат 19:31 шамасында Жедел басқару орталығына Нұрсая мөлтек ауданында 9 жастағы жасөспірім қыз мектептен кейін оралмай, жоғалып кетті деген хабарлама түсті.

Полицейлер жедел-іздестіру барысында Батыс-29 экипажы Сұлтан Бейбарыс көшесі Тұлпар мөлтек ауданына ойнап жүріп, тұрғын жайдан алыстап кеткен қызды тауып, ата-анасына жеткізді.

Өз кезегінде әкесі Абзал Бөкенов тәртіп сақшыларының қырағылығына, жедел атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

– Жасөспірімді іздеуге учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жасөспірімнің фотосуреті мен бағыттамасы сол шағын аудандағы ПИК ұйымдарымен құрылған WhatsApp чаттарға жедел таратылды. Сондай-ақ, шағын аудандағы бейнекамералар бақыланды. Нәтижесінде, жасөспірім аман-есен табылды. Ата-аналарға кәмелет жасқа толмаған балаларының бос уақытында қырағы болуды және қандайда қауіпті сәттердің алдын алуды, балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін, балалар қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қою керектігін ескертеді, – деді Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру