Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясында бизнес ұйымдастыру бойынша тренинг өтті

Ақмола колониясында бизнес ұйымдастыру бойынша тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бизнес-тренинг өткізу үшін Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесіне “Атамекен” өңірлік палатасының қызметкерлері барды.

Бапкерлер “іскерлік серіктестік”, “бизнесті жүйелі-әлеуметтік, коммуникациялық түсіну” және т.б. сияқты ұғымдар бар екенін айтты. Одан әрі атамекендіктер “шағын және орта бизнесті ашу” тақырыбына көшті.

Бизнес-бапкер Зиза Ақылбекова жарқын және локаникалық презентацияны ұсынды, сотталғандарға бизнес құруда тәуекелді жоспарлай, есептей білу және қойылған міндетке қол жеткізу үшін өз ресурстарын қалай пайдалану керектігін талқылауды ұсынды. Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бойынша қолданыстағы бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды атап өтті.

Іс-шараны бизнес-бапкер Қайрат Усин жалғастырды. Сотталғандарға алған білімдерін іс жүзінде бекіту және бизнесті құрудың ауызша үлгісін жасау ұсынды.

– Босатылғаннан кейін азаматтар “Бастау” бағдарламасы бойынша тегін оқуға, бизнес-жоспар құру және мемлекеттен өтеусіз ақшалай грант және жеңілдікті кредит алу кезінде одан әрі қолдауға ие бола алады, – деп атап өтті Қайрат Усин.

Айта кетейік, жыл бойы “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының кураторлары жас кәсіпкерді сүйемелдеп, оған қажетті кеңестер беріп, оның қызметін ықтимал қателіктерден түзететін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру