Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда өткен жылы қылмыстар саны айтарлықтай азайған

Атырауда 2020 жылы қылмыстар саны айтарлықтай азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық полицейлер ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Атап айтқанда өткен жылы қоғамдық орында жасалған қылмыстар 41,3%-ға, көшеде жасалған қылмыстар 43,0%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстар 5,0%-ға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 27,5%-ға және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында жасалған қылмыстар 73,7%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар -37,1 пайызға төмендеп отыр. Бұл орайда Атырауда ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, өзгенің көлігін айдап әкету, бұзақылық, ауыр дене жарақатын салу, зорлау фактілері азайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру