Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда патрульдік полицейлер 120 оқушыны жазғы демалыс орнына аман-есен жеткізді

Жазғы демалыс маусымы аясында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау – Орал автожолы бойымен жазғы демалыс лагеріне жол тартқан 120 оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6-7 жастағы бүлдіршіндерді тасымалдаған автобустарды полиция қызметкерлері арнайы сүйемелдеп, жол қозғалысын толық бақылауда ұстады. Нәтижесінде балалар межелі жеріне аман-есен жеткізілді.

Сапар барысында тәртіп сақшылары оқушылармен жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында танымдық әңгіме өткізіп, жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелерді, жол белгілерінің маңызын және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндірді.

Балалардың қауіпсіздігі – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты мұндай профилактикалық шаралар жас ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғауға, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру