Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігі және есірткі қылмысына қарсы рейд жүргізді

2-5 шілде аралығында Атырау облысының аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Түнгі қала – қауіпсіз балалар" және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, нашақорлыққа қарсы бағытталған "Қарасора-2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта ойын-сауық орындарын, көшелерді, саябақтарды және жастар көп жиналатын орындарды тексерді. Нәтижесінде 260-тан астам жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардың қатысуымен 285 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының қайда және кіммен жүргенін тұрақты бақылауда ұстап, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, отбасы мен қоғамның ортақ міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру