Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Учаске" іс-шарасы аясында 400-ден астам қыстақ пен шаруа қожалығы тексерілді

"Учаске" іс-шарасы аясында 400-ден астам қыстақ пен шаруа қожалығы тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықпен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында қыстақтар мен шаруа қожалықтарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Тасқала ауылдық округіндегі қыстақ иелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Әсіресе тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмеген азаматтар, профилактикалық есепте тұрған тұлғалар, жалғызбасты қарттар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылардың жағдайына ерекше көңіл бөлінді.

Қыстақтарды аралау кезінде учаскелік инспекторлар тұрғын үйлердің қауіпсіздігін, мал қыстақтарының жағдайын және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Сонымен қатар тұрғындарға құқық бұзушылық фактісі орын алған жағдайда бірден полицияға хабарлау қажеттігі ескертілді.

Айта кетейік, Атырау қаласы аумағында 2000-ға жуық қыстақ пен шаруа қожалығы бар. Соның ішінде "Учаске" іс-шарасы басталғалы 400-ден астам қыстақта тексеру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен алдын алу бағытындағы әңгімелер өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру