Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ұрлық қылмысын ашқан полицейлер марапатталды

Атырауда ұрлық қылмысын ашқан полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазан күні Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерларының көмегімен Kia Sportage маркалы автокөлігінің жүргізуші жақ терезесін сындырып, ішінен 2 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен Орал, Ақтөбе, Шымкент қаларынан келген үш күдіктіні “ізін суытпай” анықтаған болатын.

Бұл орайда, ПБ бастығының міндетін атқарушы Ерлан Валерийұлы қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қылмыс ашуда көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін Жедел басқару орталығының қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру