Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген екі түркістандық әйел анықталды
Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген екі түркістандық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік қызметкерлері 21 ақпанда сағат 23:30 шамасында Азаттық даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерден жеңіл жүрістегі екі қызды анықтады.
Ұсталған екі қыздың Түркістан облысының тұрғыны екендігі белгілі болды.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама жасақталды.
Ал үй-жайды жалға берген 49 жастағы пәтер иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.