Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жүк көліктеріне қатысты 35 заңбұзушылық анықталды

Атырауда жүк көліктеріне қатысты 35 заңбұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 5-8 сәуір аралығында қала аумағында өткізіліп жатқан “Жүк көлігі” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында, 7 сәуір күні Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша инспекциясының және Экология департаментінің қызметкерлерімен бірлескен қызметтер атқарылды.

Мысалы, бірлескен іс-шаралар нәтижесінде қала аумағында рұқсат етілген жүк массасынан асыра тасымалдаған “КамАЗ” жүк көлігі анықталып, жүргізушісі көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 8-бөліміне (Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Одан басқа, экология департаменті қызметкерлерімен қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемін шамадан тыс арттырған “КамАЗ” жүк көлігі анықталып, оның жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сонымен қатар іс-шара басталғалы 35-тен астам әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, жүргізушілері әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру