Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Петропавл базарларының біріндегі бутикте жасалған ұрлықты ашты

Полицейлер Петропавл базарларының біріндегі бутикте жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жастың түнгі “романтикалық серуені” полицияға келумен аяқталды. 1 сәуір күні Петропавлдық кәсіпкер әйел ұрлық туралы арызбен полицияға жүгінген. Түнде белгісіз қылмыскер қалалық базарлардың біріндегі оның бутигінің құлпын бұзып, жеміс-жидек пен 35 мың теңге ақшасын қолды қылған.

Келтірілген шығынның сомасы 72 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер бейнекамералардың жазбаларын көрген кезде жігіт пен қыздың бейнесін байқаған. Олардың жүрген жолдары Жастар сарайы ауданына дейін егжей-тегжейлі қаралды. Үш күннен кейін жедел іздеу арқылы күдіктілер – 26 жастағы қала тұрғыны мен оның 19 жастағы құрбысы анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Күдікті бұл қылмысын кездейсоқ жасалған әрекет деп түсіндірген, — дейді Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. — Ол жұмысшылар қалдырып кеткен мұз оятын құралдарды көрген және бутиктердің бірін ашу үшін сүйменді пайдаланған. Бұрын жастардың екеуі де заң бұзушылық жасамаған, жасаған әрекеттерінің салдарын ойламаған. Қазіргі уақытта орын алған жағдайдың мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру