Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері белгіленбеген жерде суға түскен 70-ке жуық тұрғын анықталды

Атырауда жыл басынан бері белгіленбеген жерде суға түскен 70-ке жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 14 сәуір күні Instagram әлеуметтік желісінде бір топ белгісіз балалардың Авангард мөлтек ауданында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен Жайық өзеніне секіріп, белгіленбеген жерде суға түсіп жүрген бейнежазбасы тараған болатын.
Аталған оқиға бойынша, полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында көпірден суға секірген 2003 жылы туған жасөспірім анықталып, оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлімімен (Тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу) әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Жаз мезгілі келгенде тұрғындар мен қала қонақтары аптап ыстықтан қорғану үшін өзен-көлдердің жағасында суға шомылады. Бірақ бір өкініштісі, суға түсуді ыстықтан пана көргендер қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның салдарынан оқыс оқиғаларға тап болуы мүмкін.Дәл осындай жағдай ағымдағы жылдың 28 мамыр күні сағат 17:11 шамасында Балықшы мөлтек ауданы маңында орналасқан Жайық өзенінде белгіленбеген жерде суға түскен 2012 жылы туған жасөспірімнің суға кетіп, қайтыс болуына әкеліп соқты.

Одан басқа, 15 маусым күні сағат 20:35 шамасында Жұмыскер мөлтек ауданында орналасқан Жайық өзенінде белгіленбеген жерде суға түскен 1989 жылы туған азамат суға кетіп, қайтыс болды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері белгіленбеген жерлерде суға түскен 70-ке жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына белгіленбеген жерлерде суға түспеуді, суға түскен кезде сақтық шараларын сақтауды және жасөспірім балаларды қараусыз суға жібермеулерін қатаң түрде ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру