Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15 жасөспірім анықталды

Атырауда жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір күні сағат 15:29 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері әкімшілік аумақты қарау барысында Тайманов көшесі бойымен Lada granta автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын анықтап, Батыс-25 қызметкерлеріне бағыттама берген.

Аталған автокөлік Батыс-25 қызметкерлерімен Сатбаев көшесі бойынан тоқтатылып, тексеру барысында көлік жүргізушісінің 18 жастағы жасөспірім екендігі белгілі болған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Еске сала кетейік, Атыраулық тәртіп сақшылар жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15-ке жуық жасөспірімді анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру