Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраудағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арыз-шағымын қабылдайтын терминалдар орнатылды

Атырау облысының түзеу мекемелеріне жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың  арыз-шағымдарын қабылдайтын терминалдар орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге арыз-шағым қабылдауға арналған терминал орнатылды. Сотталғандар саусақ ізі арқылы құқық қорғау органдарына шағым немесе өтініш қалдырып, үш күн ішінде жауап алатын болады. Айта кету керек, арыз-шағым терминалы Атырау облыстық прокуратурасымен бірлесіп орнатылды.

– Терминал жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар үшін қолжетімді жерлерге қойылды. Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқық қорғау органдарына түседі, яғни мекеме әкімшілігі бұл мәселеге араласа алмайды. Шағым немесе өтініш жіберген сотталған азаматтың жеке басын анықтау саусақ іздері арқылы іске асырылады. Бұған қоса, шағымды қарау және шешім қабылдау процесін онлайн бақылауға мүмкіндік бар, – дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек Габдуллин.

Мекемедегі барлық сотталғандарға терминалды қолдану тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ арыз-шағымдарды мекемелердің сенім телефоны арқылы да қалдыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру