Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық егіздер адал қызмет атқаруда

Атырау облысының Полиция департаментінде үш жұп егіз қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау полицейлері арасында бір отбасынан шыққан ағалы-інілі, ағалы-қарындасты немесе отбасылық династияны жалғастырып жүрген тәртіп сақшыларын жиі кездестіруге болады.

Бұдан басқа  Атырау облысының ішкі істер органдарында үш отбасының егіздері қызмет етеді.

Егіздердің бір жұбы – Амир мен Дамир қарапайым отбасында дүниеге келген.

«Сақшы болу бала кездерінен өздерінің арманы, қайда жүрсе де екеуі бір – бірінен ажырамай, бірге жүреді, сәби кездерінде тәтті қылықтары мен бұзықтықтарына дейін бірдей болды. Отбасымызда бес бала бар, аға-апаларынан ерекшеліктері бір – бірін іздеп жүреді, өте бауырмал», – дейді егіздердің анасы Әлия Адиятқызы.

Амир мен Дамир ішкі істер органдарына 2018 жылы келген. Бүгінде полиция сержанттары Амир, Дамир Бисенбайұлдары Департаменттің айдауылдау қызметі взводының арнайы тобының полицейлері.

«Олар өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындайды. Екеуі де қызметтеріне адал, өз уақыттарымен санаспайды», – дейді егіздердің ұжымдастары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру