Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық оқушының арманы – полицей болу

Атыраулық оқушының арманы – полицей болу, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы – 2020” республикалық байқауында “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында ғылыми жоба ұсынған Атырау қаласындағы №38 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Анель Абатова жеңімпаз атанды.

Білімді жасөспірім мен оның ғылыми жетекшісін бүгін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылбек Жауымбаев Департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қылмыстық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Шаяхметова ғылыми жұмыстың жетекшісі ретінде Департамент басшылығына өз ризашылығын жеткізді.

Анель Максимқызы ішкі істер органдары ардагерінің немересі болып табылады және өзі де болашақта полицей болуды армандайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру