Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген 21 жүргізушіні анықтады

Атыраулық полицейлер мереке күндері мас күйде көлік тізгіндеген 21 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

23-25 қазан күндері аралығында, мерекелік демалыс күндері Атырау қаласының аумағында жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 21 жүргізушіні анықтап, барлық жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 26 қазан күні сағат 02:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Сәтбаев көшесінің тұсында Ford Focus автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 26 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған.

Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталды. Аталған азаматтың көлігі арнаулы тұраққа жеткізіліп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру