Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусым күні сағат 07:30 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен “Арлан” арнайы жасағының қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен 39, 39, 35 және 33 жастағы төрт адамнан құралған қылмыстық топты анықтап, ұстады.

Аталған күдіктілердің барлығы Құрманғазы ауданының тұрғындары. Олар, аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен екі пышақ тәркіленді.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру