Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда өзгенің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт анықталды

Жетісайда өзгенің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның автокөлік жуу бекетінде қалдырып кеткен Toyota Camry көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 200 бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы автокөлікті айдап кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары ауыл-аймақты аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен жергілікті тұрғын, автокөлік жуушы жігіт екені анықталды.

Белгілі болғандай, аталған жігіт өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті рұқсатсыз айдап кетіп, рөлге ие бола алмай, өзге көлікке соқтығысып, жол жиегіне түсіп, аударылған. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру