Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық тұрғыннан 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді

Атыраулық тұрғыннан 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында Атырау облысы ПД балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Шекара қызметкерлерімен 5 сәуір күні сағат 05:00 шамасында Дамба поселкесіндегі Жайық жағалауында 36 жастағы р адамның автокөлігінің жанынан 5 қапшыққа салынған жалпы салмағы 121 келі 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.

Тәркіленген балықтар «Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балықтарын өсіру» зауытына тапсырылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру