Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауаға оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды

Ауаға оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында белгісіз азаматтың қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқан бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Тексеру барысында анықталғандай, оқиға қаланың шет аумағында “келін түсіру” шарасы өту кезінде орын алған. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек бойынша 21 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігінде (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 293 бабында (Бұзақылық) қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сонымен қатар жол ережесін бұзған төрт автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (екі хаттама), 630-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 612-бабының 1-бөлігі бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру