Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицей қиындыққа тап болған шетелдікке көмектесті

Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ППР аға қызмет инспекторы Ж.Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды.

Мән-жайды анықтау үшін жол сақшысы бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.

Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады.

Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру