Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде шу шығарған мас павлодарлық жауапқа тартылды

Үйінде шу шығарған мас павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 00.00 шамасында “102” операторының пультіне Павлодар тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Әйел өзінің құрбысы көмек сұрап жатқанын айтты – оның күйеуі үйінде жанжал шығарған.

– Дереу көрсетілген мекенжайға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді. Істің барлық мән-жайларын анықтау үшін бір полиция қызметкері онымен бірге кірді. Пәтерге кірген тәртіп сақшысы төсек, жиһаз, тұрмыстық заттар еденде жатқанын көрді. Әйелдің айтуынша, мұның бәрі жұмыстан мас болып келген күйеуінің ісі. Оның түсініксіз ашуын мұндай көріністің куәгері болған кішкентай балалар да тоқтатқан жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.


Тәртіп сақшылары отбасылық жанжал шығарушыларды орталыққа жеткізді, онда оның орташа мас екендігі анықталды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарды, онда қала тұрғыны әйелімен біраз уақыт байланыса алмайтыны айтылған, сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, Павлодар қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары жәбірленушіге дағдарыс орталығында балаларымен баруды ұсынды, себебі мұндай жағдай бірінші рет емес. Бұл отбасы бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру