Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 650-ден астам мектептің алдына жол кедергісі қойылды

Түркістан облысында “Абайлаңыз, балалар!” іс-шарасы аясында 650-ден астам мектептің алдына жол кедергісі қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Түркістан облысының аумағында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында “Абайлаңыз, балалар!” іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты азайту, әсіресе білім беру нысандарының жанында, жүргізушілер мен ата-аналардың назарын балалардың жол апатынан алатын жарақаты мәселелеріне аудару.

“Абайлаңыз, балалар!” шарасы кезінде полицейлер оқу орындарының жанындағы көшелерде жол қозғалысын ұйымдастыру, техникалық құралдардың жай-күйін тексерді. Оларға іргелес аумақтарда жол белгілері мен жол таңбаларын жаңартуды жүзеге асырды.

Мәселен, тәртіп сақшылары Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік атындағы орта мектептің жанында  жол белгілерін жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, әрбір ата-ана, балаларға тек жаяу жүргіншілер жолағынан өту керектігі ескертілді.

– Қазіргі уақытта Түркістан облысының 650-ден астам мектебінде жақын жерге жасанды кедергілер орнатылды. Қалған мектептердің жанына жол кедергілерін орнату үшін ұйғарымдар, қалалық және аудандық әкімдіктерге жолданды. Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылды. Оқушыларды тасымалдауға арналған қоғамдық көлікке жауапты 9 адамға айыппұл салынды. Балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аталған іс-шаралар Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – дейді ювеналды полиция тобының аға инспекторы Шымболат Абдрахманов.

Сонымен қатар, ювеналды және әкімшілік полиция қызметкерлерінің жоспарында балалардың қатысуында көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыспен байланысты дағдыларды бекітуге, көрнекі құралдарды таратуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған профилактикалық сабақтар мен дәрістер ұйымдастыру бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру