Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әуе рейсінде мас күйде тәртіп бұзған жолаушы анықталды

Көлік полицейлері әуе рейсінде мас күйде тәртіп бұзған жолаушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл – Алматы бағытындағы әуе рейсі Алматы қаласының әуежайына қонғаннан кейін ұшу барысында қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы әуе компания өкілдерінің актісімен көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.

Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласының 63 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әуе кемесінің бортында алкогольдік масаң күйде болып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаған, балағат сөздер айтып, өзінің әрекетімен өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Жиналған материал шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Көліктегі полиция департаменті көлік инфрақұрылымы нысандарында қоғамдық тәртіпті бұзу жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Әуе кемесінің бортында белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтау – әрбір жолаушының міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру