Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адамды іздеуде

Талдықорған полициясы аурухана палатасынан ұялы телефон ұрлаған ер адамды іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 13.00 шамасында Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың терапия бөлімшесі палатасынан ұялы телефон ұрланған. Күдікті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Ол күнқағары бар қара қалпақ, көк джинсы, ашық түсті жүнмен қапталған капюшоны бар ашық қоңыр күрте киген. Күртенің сол жақ жеңінде, бицепс ауданында қара түсті сыдырмағы түймеленетін қалталары бар. Аяғына ақ түсті спорттық аяқ киім киген.
Егер күдіктіні таныған болсаңыз, төменге комментарий жазыңыз немесе қалалық 60-80-66; мобильді 8-778-310-57-60 телефондары бойынша хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру