Ауыл тұрғыны алаяққа алданды
Қызылордалық полицейлер алаяқ азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 13 қазанда полиция қызметкерлеріне Арал қаласының тұрғыны Жаңауыл шағын ауданында орналасқан автобекетте бейтаныс азаматтың құны 130 000 теңге тұратын ұялы телефонын автобекет ішіндегі бөлмеге қуат көзіне қойып беремін деп алдап алып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы шағымданған.
Полицейлер өткізген жедел іс-шаралар нәтижесінде «ізін суытпай» жеңіл жолмен пайда тапқысы келген алаяқты қолға түсірді. Оның Арал қаласының 27 жастағы тұрғыны екені анықталып, сатып жіберген ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.
Сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары басталды.