Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған велосипед ауыл тұрғынына қайтарылды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны ұрланған велосипедін тапқан полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазан күні  Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны үйінің ауласында тұрған «Россия»  маркалы велосипедін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы полиция бөліміне арызданған.

Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Рамазан Сүлейменов  пен аталған бөлімнің аға криминалисі полиция майоры Қанат Үсеинов  велосипед ұрлаған азаматты бір сағат ішінде анықтап, ұстады.

Ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне риза болған аудан тұрғыны өз алғысын әлеуметтік желі арқылы жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру