Апат тудыратын қауіпті жолдарда бақылау күшейтілді
Шымкентте апат тудыратын қауіпті жолдарда бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан жолдардың авариялық – қауіпті учаскелерінде бақылау күшейтілген. Жерілікті атқарушы органдармен бірлесе жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі тұрақты назарға алынып, нақты жұмыстар атқарылуда. Халық шоғыры көп және таңғы, түскі және кешкі уақыттарда көлік кептелістерінің алдын-алу мақсатында тәртіп сақшылары жол қозғалысын реттеу шараларын тұрақты атқарып келеді. Осы орайда полицейлер көлік жүргізушілерден жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік ережелеріне аса сақтықпен қарауға шақырады.