Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автобус»: Шымкентте техникалық байқаудан өтпеген 151 көлік иесі анықталды

Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 4 қазанынан бастап республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары сегізінші күннің нәтижесі бойынша жолаушылар автобустарының жүргізушілері жасаған 1 585 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Өз кезегінде іс-шара барысында: маневр ережесін бұзған – 166 (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы), ұялы телефон пайдаланған – 541 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), техникалық байқаудан өтпеген – 151 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі) көлік иесіне хаттама толтырды. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 136 (ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы), жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 90 (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы), тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 123 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі), рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап, тексеруден өтпеген – 48 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі) жүргізуші анықталған. Сондай-ақ, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – екі (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі) жүргізушіге хаттама толтырылған.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 13 қазанына дейін жалғасын табады. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру