Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік аккумуляторын ұрлаған шымкенттік ұсталды

Автокөлік аккумуляторын ұрлаған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 мамыр күні 102 сымтетігіне Шымкент қаласының тұрғыны үйінің алдында тұрған ВАЗ 2107 маркалы автокөлігінің аккумуляторын ұрлап кеткені бойынша арызданған.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 УПП инспекторлары ақпарат алысымен бірден шұғыл іздестіру жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашып, ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды жеткізді. Айғақты зат тәркіленіп алынды. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық немесе көлік кілтін қалдырып кетпеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру