Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа ұрынды

Автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа ұрынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамыр күні Ақкөл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның алаяқтық дерегі туралы арызы келіп түсті. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, 19 сәуір күні белгісіз адам оған тиесілі 83 мың теңгені алаяқтық жолмен иемденген.

Ер адам WhatsApp әлеуметтік мессенджері тобында аймақтың автокөлік әуесқойлары оған қажетті автокөлік бөлшектерін жеткізушінің телефон нөмірін ұсынғанын айтты.

Жеткізушімен байланысып, сатып алу туралы келіссөздер жүргізгеннен кейін жәбірленуші қолма-қол ақшаны сатушының банктік шотына аударған. Бірақ ақмола тұрғыны не тауарды, не қайтарылған ақшаны көрмеген, сонымен қатар күдікті телефонды сөндіріп, байланысқа шығуды тоқтатқан.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру